Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Құл-Мұхаммед елбасының есімін Елордаға беруді қолдауға шақырды

Опубликовано:

23 қараша күні бүкіл қазақстандықтарға арналған үндеу қабылданды. Құжатты таныстырған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед отандастарымызды елбасының есімін Елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

"Еліміздің барлық азаматтарын «Тәуелсіз Қазақстан» монументін тұрғызу, Ата заңымызда елбасымыздың ерен еңбегін атап көрсету мен оның есімін елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырамын", - дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Кездесуді ашқан "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерін атап өтті. Ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы бекітілгеніне, президенттің ядролық қаруға қарсы бастамаларының маңыздылығына тоқталды.

Тәуелсіз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы, қазақ елінің жаңа астанасын салу сияқты тарихи шешімдерге ерекше назар аударды. Мұндай толағай табыстардың барлығында ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы бар екенін айрықша атады.

Жиын қорытындысы бойынша қабылданған үндеуде тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер - жалпыұлттық бірлік, халықтың жанкешті еңбегі мен ынта-жігері екендігі айтылған. Одан бөлек үндеуде бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам», Ұлт жоспары және «Мәңгілік ел» идеясының еліміздің даму жолында маңызды рөлге ие екендігі де атап көрсетілген.

Тағы да оқыңыздар:

Дәулет Тұрлыханов 91 тобы туралы: Бұл дауысқа менің қатысым жоқ (видео)

Шымкент әкімдігі 6 млн теңгеге биоәжетхана орнатпақшы

Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды

Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото)

Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1327020-mukhtar-qul-mukhammed-elbasynynh-esimin/

pixel