RU

Ақтөбеде білдей мекеме басшысы қызметкерін "жоғарыдағы" танысымен қорқытқан

Ақтөбедегі «Өрлеу» біліктілікті арттыру мекемесінің қызметкері орталыққа келген жаңа директордан қысым көргенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Айтуынша, басшылық әдістемелік оқу құралдарын шығарып отырған бас маманға өз еркімен оқытушылыққа ауысуды міндеттеген. Гүлзада Жұмағазина ол жаққа ауысса өзінің бірден қысқартуға ұшырайтынын болжап отыр.

"Мен 2003 жылы мұғалімдерді қайта даярлау орталығына қызметке кірдім. Редакцияда бас маман болып істеймін. Орталыққа жаңадан сайланған директор мені оқытушы қылып ауыстырғысы келеді. Мен қалай ауысамын? Ол жақта сағат жоқ. Оған қоса дипломым да сәйкес келмейді. Естуімше, олар мені ауыстырып, жұмыстан шығарып жібергісі келеді екен. Егер мен өз қалауыммен кафедраға ауыссам, ол жақта сағат болмады деп қысқартып жіберу жеңіл. Олар мені қазіргі қызметімнен жұмысқа шығара алмаған соң, ауыстырғысы келіп отыр", - дейді Гүлзада Жұмағазина.

Ол директордың қысымынан кейін денсаулығын нашарлатып алған.

"Бір апта бойы есімнен тандырды. Ұжымның алдында шақырып алып біраз айтты. Сол күні қол-аяғым мұздап, қан қысымым көтеріліп кетті. Жедел жәрдем шақырып, әлі күнге дейін дәрігерге қаралып жүрмін. Жүрек соғысы да дұрыс емес деп жатыр", - дейді бас маман.

Қызметкер директордың өзіне өшігуін кек алу деп ойлайды.

"Қазіргі директор 5 жыл бұрын біздің мекемеде жұмыс істеді. Сол кезде әдістемелік кітап шыққан болатын. Сол кітап кейін басқа автормен қайта шықты. Оның авторы шу шығарып, плагиаттықты даулаған кезде директорға бардым. Мүмкін, сол кездегі осы жағдай ол кісінің есінде қалған болар? Мен ол кезде өзімді ақтау үшін плагиатты кімнің жасағанын дәлелдедім", - дейді ол.

Айтуынша, директор біреуге қайырымдылық жасау үшін оны басқа бөлімге ауыстырғысы келетін көрінеді.

"Қазір неге түртпектеп жүргенін түсіне алар емеспін. Менің орныма басқа адамды қойғысы келетінін айтты. Өйткені оның жолдасы жоқ, бір баласы бар екен. Мен де заңды түрде үш баламен күйеуден айырылған адаммын. Мен де жалғызбасты анамын. Менің үш баламды кім ойлайды? Жұрттың бір баласын ойлап жұмыстан шығып кете алмаймын. Өзімнің үш баламды асырауым керек. Директор жақсы жерде адамдарым бар, мені қорқытпай-ақ қойыңдар деп отыр", - дейді Гүлзада Жұмағазина.

Орталық директоры қызметкерімен арада болған түсініспестікті жоққа шығарған жоқ.

"Мен қазір Алматыда оқуда жүрмін. Ол кісі қазір жұмысында жүр. Бұрынғы басшы оны редакциядан кафедраға ауыстырған. Екі адамды алмастырған. Орнына шығатын адам сағатсыз қалып тұр. Сағатсыз қалған адам арызын жазып жұмыстан шығып кетті. Мен ол кісімен кеше ғана кездестім. Әуежайға келді", - деген Ақтөбедегі "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының директоры Нұргүл Молдабайқызы аяқ астынан уақытының тығыз екенін айтып, тұтқаны қоя салды.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)

Жер кодексіне жарияланған мораторий бес жылға ұзартылуы мүмкін

Мұхтар Құл-Мұхаммед елбасының есімін Елордаға беруді қолдауға шақырды

Стриптиз-шоу ұйымдастырған түнгі клуб қарағандылықтардың ашуын келтірді (видео +18)

Дәулет Тұрлыханов 91 тобы туралы: Бұл дауысқа менің қатысым жоқ (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327166-aqtobede-direktordan-soz-estigen-qyz.html