RU

Бекболат Тілеухан: Астанаға Назарбаевтың атын беруді толығымен қолдаймын

Бүгінде Астана қаласын Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атау туралы ұсыныс қызу талқылануда. Осыған орай мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан өз пікірін білдірді деп хабарлайды Қамшы порталы.

«Жалпы бұл бірінші рет ұсынылып отырған жоқ. Осы мәселені кезінде Сәт Тоқпақбаевтың (автор - 2008 жылы елбасының атымен атауды ұсынған) тарапынан көтерілген болатын. Ширек ғасырлық мерекенің қарсаңында бұл бастаманы жеке өз басым қолдаймын. Неге десеңіз, бұл тарихта бар жағдай. Мемлекетті құрған адамның есімімен қаланы атау тәжірибесі бар. Мәселен, Вашингтон қаласы баршаға мәлім. Нұрсұлтан атындағы қаланың болғаны Тәуелсіздіктің символы іспеттес. Тәуелсіз Қазақстан мен Назарбаевтың аты синонимдер сияқты. Мені жағынды немесе басқа деп түсінсеңіздер, өздеріңіз біліңіздер, бірақ тарихи көзқараспен және егеменді елдің азаматы ретінде, мұны өте бір әділ ұсыныс деп ойлаймын», - деді депутат.

Бұл мәселеге қатысты басқа да саясаткерлер мен депутаттар пікірін мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)

Мұсылман жігіт сәжде үстінде жан тапсырды (видео)

Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты (фото)

Стриптиз-шоу ұйымдастырған түнгі клуб қарағандылықтардың ашуын келтірді

Мұхтар Құл-Мұхаммед елбасының есімін Елордаға беруді қолдауға шақырды

Сүйікті әнін естіген той қонағы тұрған жерінде билеп кетіп, елді күлкіге қарық қылды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327212-bekbolat-tileukhan-astanagha-nazarbae.html