RU

Қарақат Қыдырәлі үшін есік алдында түнейтін қыздардан әбден шаршаған

Танымал әнші Қарақат Қыдырәлімен бірге кешкен ғұмырындағы ең есте қалған сәттерімен бөлісіп, оны Қыдырәліден қызғанған қыздардың әрекеттерін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтылды.

Ең алғаш тұрмыс құрған жылдары ол гастрольге кететін Қыдырәлінің өміріне үйренісе алмай біраз жүрген. Үйде күні-түні жалғыз қалатын әнші оның жанкүйерлерінің әрекеттерінен әбден мезі болғанын айтты.

"Қыздар күні түні маза бермейді,телефонға маза жоқ. Маған олар айтпаған сөзді айтты. "Косоглазая, кривоногая, страшная", "қайдан ғана үйленді саған, "ты кто такая?" деген сөздердің бәрін естідім. Үйіміздің есігіне "запискалар", далаптарымен есікті сүйіп кетеді. Тіпті, бір күні далаға шықсам, есік алдында ұйықтап жататын да қыздар болатын. Мен содан шошынып қалатынмын", - деді әнші.

Сол күні ол үйге келген Қыдырәліге мұндай өмірге бұдан артық төзе алмайтынын жеткізген.

"Бірденесін шешейік, бұлай өмір сүру мүмкін емес дедім. Күйеуімді айлап көрмеймін, киімін ауыстырады да қайта жолға шығады. Қыдекең жігіт. Бірден пәтерімізді сатып, жаңа пәтерге ауыстық", - деген әнші бақтты отбасылық өмірі дәл сол пәтерден басталғанын тілге тиек етті.

Тағы да оқыңыздар:

Дәулет Тұрлыханов 91 тобы туралы: Бұл дауысқа менің қатысым жоқ (видео)

Шымкент әкімдігі 6 млн теңгеге биоәжетхана орнатпақшы

Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды

Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото)

Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327242-qaraqat-qydyrali-ushin-esik-aldynda-tu.html