RU

Анасы сәби сүйе алмайтын қызына өзі бала туып берді

АҚШ-тың калифорния штатында әжесі немересін өзі босанды. Әйел ана атану бақытынан айырылған қызының орнына нәрестені өзі тоғыз ай құрсағында көтерген. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

48 жастағы Меган Баркер есімді әйел ана атану бақытынан айырылған қызына нәресте сыйлауды жөн санаған. Ол қызы Мэдди мен күйеу баласы Тайлердің эмбрионын өзіне салдырып, нәрестені сәтті босанды.

Өзінің үш баласы бар әйел қызына нәресте туып беремін деп шешкенінде, көбі оның ойын қолдай қоймады. Себебі, өз нәрестесін өзгеге, тіпті туған қызына бере салу мүмкін емес деген пікірде болды.

Алайда Меган өз ойынан айнымай, ақыры сәбиін қызына сыйға тартты. Ана қызына нәресте сыйлауды 14 жасында-ақ уәде еткен. Дәрігерлер сол кезден бастап қызы бала көтере алмайды деген ауыр диагноз қойған болатын.

Ал Мэдди мен оның күйеуі болса, бұл сыйлыққа ерекше бақытты екендерін жасырмайды.

Тағы оқыңыздар:

Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір қирап түсті (фото, видео)

Бекболат Тілеухан: Астанаға Назарбаевтың атын беруді толығымен қолдаймын

Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)

Оралда 74 жастағы қария оқушы қызды ұрлаймын деп масқара болды

Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты (фото)

Стриптиз-шоу ұйымдастырған түнгі клуб қарағандылықтардың ашуын келтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327387-ayel-ana-atanu-baqytynan-ayyrylghan-q.html