RU

Алматыда полиция академиясының 18 жастағы курсанты жоғалып кетті

Алматыдағы полиция академиясында оқып жүрген 18 жастағы Ахат Исмагилов із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы оның анасы Татьяна Синёва мәлімдеп, көпшіліктен видеоүндеу арқылы көмек сұрап отыр деп жазады sn.kz.

"Ұлым, мен сенің артыңнан Алматыға келдім. Хабарласшы... Мен сені күтіп жүрмін. Сені алып кетуге келдім", - дейді Ахаттың анасы аталған видеоүндеуде.

18 жастағы Ахат Исмаилов - ІІМ-нің Алматы қаласындағы академиясының курсанты. Ол 20 қараша күні жоғалып кеткен. Сағат күндізгі екілер шамасында оқу орнынан шығып, сол күйі оралмапты.

Татьяна Синёваның айтуынша, ұлы оған жоғаларынан 15 минут бұрын хабарласып, жасақта болатынын айтқан екен.

"Академиядағылар оның азаматтық киімін киіп, кетіп қалғанын айтып отыр. Оның өзінде телефоны жоқ. Ол маған өзге курсанттың телефонынан хабарласты. Қазір мен ІІБ-не арыз жазуға бара жатырмын. Академияда біреулермен ерегіскен болу керек деп күдіктенемін. Бірақ, өзімен сөйлеспей ешнәрсе айта алмаймын. Ахат өзін Қарағандыдағы академияға ауыстыруын сұраған болатын. Біз Теміртауданбыз. Ауыстыру туралы шешім бүгін-ертең келуі тиіс", - дейді Татьяна Синёва.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)

Бекболат Тілеухан: Астанаға Назарбаевтың атын беруді толығымен қолдаймын

Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір қирап түсті (фото, видео)

Мұсылман жігіт сәжде үстінде жан тапсырды (видео)

Ақтөбеде білдей мекеме басшысы қызметкерін "жоғарыдағы" танысымен қорқытқан

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327458-almatyda-policiya-akademiyasynynh-18-zhast.html