Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2000 жылдары сәнге айналған киімдер есіңізде ме?

Опубликовано:

Әр заманның жастары сол дәуірге тән сәнге лайық киінеді. Сондықтан сән мәселесіне келгенде, өте абай болу керек. Ал 2000 жылы сәнге айналған киімдер қандай? NUR.KZ порталы өткен шақтарға бірге саяхат жасауды ұсынады.

Кез келген киімнің сыртынан жуан белдік тағып алу.

Жігіттер бір құлағына сырға тағуды сәнге айналдырған.

Аксессуарлар мен моншақтардың түр-түрін асыра сілтеп тағыну.

Мынандай да қызық аяқ киімдер сәнде болған.

Бір жағы ашық, кіндікті жаппайтын қысқа киімдер.

Джинсадан тігілген шалбарға корсет тәрізді киімдер кию.

Шаш қыстырғыштарды жарасса да, жараспаса да көптеп тағып алу.

Іш киімді шалбардан шығарып қою. Мұндай сәнге ата-анасы қарсы болса да, көптеген қыздар сауық кештеріне осылай киініп баратын.

Белдіктің түр-түрі, жіңішкесі, жуаны, тоқылғаны, өрілгені - бұл 2000 жылдардың негізгі сәні.

Сонымен бірге, белдемшемен де, көйлекпен де, шалбармен де угги кию сәнді болған.

Шалбардың сыртынан белдемше киіп алу да өте сәнді болған. Қыздар бұл образбен би кештеріне көптеп баратын.

Өте қысқа джинсадан тігілген белдемшелер кез келген қыздың гардеробында болатын.

Барқыттан тігілген спорттық киім - де әр қыздың кешкі серуенге киіп шығатын киім еді. Қыздар мұндай киімді тәпішкелермен де, спорттық аяқ киіммен де киіп алып жүре беретін.

2000 жылдары ұялы телефон ұстау енді ғана сәнге айнала бастады. Сол жылдары мынадай алқызыл түсті "Моторола" әр қыздың арманы болған.

Мықымда тұратын шалбарлар, кіндікке жетпейтін "кофталар" - сол кезеңде қыздардың дені осылай киінетін.

Барқыттан тігілген кепкаларды да жас қыздар ұнатып киетін.

Дереккөз: ofigenno.com

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)

Бекболат Тілеухан: Астанаға Назарбаевтың атын беруді толығымен қолдаймын

Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір қирап түсті (фото, видео)

Мұсылман жігіт сәжде үстінде жан тапсырды (видео)

Ақтөбеде білдей мекеме басшысы қызметкерін "жоғарыдағы" танысымен қорқытқан

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1327464-2000-zhyldary-sange-aynalghan-kiimder-esinh/

pixel