RU

Маңғыстау облысында әкесі 7 жастағы туған баласын тұншықтырып өлтірді

Маңғыстау облысы, Жетібай ауылында әкесі туған баласын тұншықтырып өлтірді деп хабарлайды Лада порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Марқұм бала Жетібай ауылдық ауруханасына 21 қараша күні өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер бірден облыстық ауруханадан дәрігерлер шақыртқан. Олар балаға "су аспирациясы және асфиксия" деген диагноз қойған.

"Ақтаудан келген дәрігерлер баланы қарады. Олар бірден баланың жағдайы тым ауыр екенін айтты. Оны тіпті көлікке салып үлгермедік, ол қаза болды. Балақаймен еріп келген әжесінің айтуынша, ұлы туған баласын суға батырып, сосын тұншықтырған. Ал алған жарақаттары баланың өмірін қиды", - дейді Жетібай ауылдық ауруханасының бас дәрігері Есболай Есенқосов.

Маңғыстау облыстық ІІД кәмелеттік жасқа толмаған баланың өлімін растады.

"Бұл азамат жүйке аурулар диспансерінде тізімде тұрады. Ол тұтқындалып, қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Осы іс бойынша қылмыстық кодекстің "Кісі өлімі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды ", - дейді Маңғыстау облыстық баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Әбіл.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)

Бекболат Тілеухан: Астанаға Назарбаевтың атын беруді толығымен қолдаймын

Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір қирап түсті (фото, видео)

Мұсылман жігіт сәжде үстінде жан тапсырды (видео)

Ақтөбеде білдей мекеме басшысы қызметкерін "жоғарыдағы" танысымен қорқытқан

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327571-manhghystau-oblysynda-akesi-tughan-bala.html