RU

Өлім жазасына кесілген Мысырдың бұрынғы басшысы аман қалуы мүмкін

Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің ақталатын күні алыс емес сияқты. Елдің кассациялық соты экс-президентті өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінің күшін жойды деп хабарлайды 31 арна.

Ал бір апта бұрын сот өлім жазасына кесілген жазаны да жеңілдеткен болатын.

Мұхаммед Мурси 2012 жылы Каирдағы президент сарайының алдына шыққан опозициялық шерушілердің өліміне кінәлі деп танылып отыр. Сондай-ақ, экс-президентке Катардың пайдасына тыңшылық жасады, палестиналық "ХАМАС" қозғалысымен астыртын сөз байласты деген айыптар да тағылған болатын.

Мұхаммед Мурси 2012 жылы демокартиялық сайлау нәтижесінде ел президенті болып сайланған. Алайда бір жылдан соң Абдул-Фаттах Ас-сиси бастаған әскерилер билікті басып алып, президентті орнынан тайдырды. Сол уақыттан бері экс-президент түрмеде отыр.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстау облысында әкесі 7 жастағы туған баласын тұншықтырып өлтірді

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

Елбасын күнге теңеп, оған қаланың атын бергісі келген кімдер? (фото)

Атақты голливуд актері: Азан әлемдегі ең әдемі дауыс

Алматыда полиция академиясының 18 жастағы курсанты жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327615-olim-zhazasyna-kesilgen-mysyrdynh-bury.html