RU

Әйгілі "МузАрт" тобының тарайтыны рас па?

"МузАрт" "концерттен кейін топ жұмысын тоқтатады" деген қауесеттерге қатысты пікірін білдіріп, өсек-аяңдарды болдырмау үшін соңғы нүктені өздері қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Олар бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.

Өздеріне ізбасар іздеп жатқан "МузАрт" тобына қатысты қоғамда түрлі пікірлер туындап жатыр. "Топ тарайды ма?" деген сауалдар көптің көкейінде жүр. Бұл сұраққа "МузАрт" тобы өзі жауап берді.

"Негізі бүгін шындықты айтайықшы. Шыны керек, біз он бес жылдықтан кейін, бәріміз шашымызды тықырлап алып тастап, Аллаға шүкірi3лік етіп, топ жұмысын тоқтатсақ деген ойда болғанбыз.

Бірақ, апаларымыздың, ата-әжелеріміздің ақ тілегі бізге "МузАртты" таратып жіберуге мүмкіндік бермейтін сияқты. Сондықтан өз жұмысымызды концерттен кейін де жалғастыра береміз", - деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстау облысында әкесі 7 жастағы туған баласын тұншықтырып өлтірді

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

Елбасын күнге теңеп, оған қаланың атын бергісі келген кімдер? (фото)

Атақты голливуд актері: Азан әлемдегі ең әдемі дауыс

Алматыда полиция академиясының 18 жастағы курсанты жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327632-aygili-muzart-tobynynh-taraytyny-ras-p.html