RU

Ақтаулықтар 87 тәулік бойы өмірі үшін күрескен алты жастағы Викамен қоштасты (фото)

Ақтау тұрғындары 6 жастағы Виктория Мининовамен қоштасты. Балақай 21 қараша күні Астанадағы "Ана мен бала орталығында" көз жұмды. Диагноз - "мидың өлуі" деп хабарлайды NUR.KZ.

Балақаймен қоштасу рәсіміне жүздеген адам келді. Олардың қолы гүл мен ойыншыққа толы.

6 жастағы Вика жерлеу рәсіміне қатысты түрлі жоралғылардан кейін христиандардың зиратына жерленді.

Айта кетейік, әжесі қыз баланы аман алып қалу үшін бүкіл әлемнің ең мықты деген дәрігерлерінің көмегіне жүгінсе де, балақай тілге келместен о дүниеге аттанып кетті.

Естеріңізге салайық, 6 жасар Виканы биыл тамыз айында Ақтаудағы саяжайлардың бірінде педофил зорлап кеткен болатын. Қылмыскер сәбиді дүкеннен алдап алып шыққаны белгілі. Алған ауыр жарақаттары салдарынан кішкентай қыз ес-түзсіз ауруханаға жеткізілген. Содан бері ол есін жиған жоқ.

Жуырда Мәскеуден келген мамандар Виканың миы өлгенін айтып, өзінің де жазылатынына күмәнмен қарайтындарын айтқан болатын. Ал 21 қараша күні балақай 87 тәулік бойы өмірі үшін күресіп, өкінішке орай көз жұмды.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстау облысында әкесі 7 жастағы туған баласын тұншықтырып өлтірді

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

Елбасын күнге теңеп, оған қаланың атын бергісі келген кімдер? (фото)

Атақты голливуд актері: Азан әлемдегі ең әдемі дауыс

Алматыда полиция академиясының 18 жастағы курсанты жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327666-aqtaulyqtar-alty-zhastaghy-vikamen-qosh.html