RU

Танымал әнші 17 келі салмақ тастап, қалай арықтағанын айтып берді

Отандық әнші Гаухар Қаспақова ана атанған соң қатты толысып кетіп, кейіннен 17 келі салмақ тастауға қалай қол жеткізгенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Ақ желкен" журналына берген сұхбатында айтты.

Қазақ эстрадасында жалт етіп, жоқ болған әншілер баршылық. Солардың бірі - Гаухар Қаспақова. Өнерінен отбасын биік қойған әнші тіпті газет-журналдар беттеріне де, көгілдір экраннан да көрінбейді. Бұған себеп - оның артық салмағы болған екен.

Бірақ, ол бұл кемшілігінен еңбектеніп жүріп, құтылып, ақыры үлкен нәтижеге қол жеткізгенін тілге тиек етті.

"Жаттығу залына барып, дұрыс тамақтануды да үйреніп, 17 келі салмақ тастағаным рас. Толысып кеткен кезімде сахнаға да, газет-журналдарға да шыққым келмеді. Өйткені, сахнаның өзіндік мəдениеті бар. Сахнаны да, көрерменді де сыйлау керек дегендей…

Күнде таңертең 6.15-те үйден шығып,  4 шақырым жердегі бассейнге жаяу жүріп барып, бассейнде 1 сағат жүзіп, үйге қарай сол жолмен тағы да жаяу жүріп келемін. Сөйтіп, салауатты өмір салтын да қалыптастырдым", - деді ағынан жарылған әнші.

Бүгінде Гаухар Қаспақова екі баланың анасы.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстау облысында әкесі 7 жастағы туған баласын тұншықтырып өлтірді

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

Елбасын күнге теңеп, оған қаланың атын бергісі келген кімдер? (фото)

Атақты голливуд актері: Азан әлемдегі ең әдемі дауыс

Алматыда полиция академиясының 18 жастағы курсанты жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327682-tanymal-anshi-17-keli-salmaq-tastap-qala.html