RU

Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты өз пікірін айтты (видео)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атауын өзгерту туралы бастамаға қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Мен бұл тақырыпқа қатысты көп айттым. Мен барлық жерде Нұрлы, Нұрлы деп жазу туралы тапсырма бергендей болып жатқан шығармын. Ал кеше парламент астана атауын менің есіміммен атауды ұсынды.

Мен мұндай ұсынысты ешкімге айтқан емеспін", - деп мәлімдеді президент.

"25 жылдыққа қатысты (Тәуелсіздіктің - ред.) барлығы сөз сөйлеп жатыр, баяндап, елдің бәрі мақала жазып, теледидардан насихатталып жатыр. Интернетте біздің жетістіктеріміз сөз етілуде. Мақтанамыз, шын мәнінде мақтанатындайымыз бар. Біз көп нәрсе еңсердік.

Мен жалғыз өзім сіздер болмағанда ештеңе істей алмас едім. Мені жанымда осындай адамдар жүргені қуантады. Олар өз ісін адал атқарды», - деді Елбасы.

«Меніңше, бұл біз болып, сіз болып жеткен жетістігіміз. Жалғыз адам ештеңе тындыра алмайды», - деді президент.

"Мен тағы қайталап айтамын: бәріңе - біздің парламентке, депутаттарға, біздің дамуымыздың барлық деңгейін, менің рөлімді ескерген кешегі декларация үшін рахмет. Әрине, мен адам ретінде оған ризамын. Парламент  өз алдына биліктің бір тармағы ретінде шешім қабылдап, өз ойларымен бөлісе алады.

Қала, елдімекен атауларын өзгерту сияқты кез келген мәселені біз жан-жақты қарастырамыз, елге, мемлекетке қажеттілігіне қарай салмақтаймыз», - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салсақ, 23 қараша күні парламент депутаттары Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығы туралы декларация қабылдаған болатын. Онда Астананың атауын өзгерту туралы айтылды. Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қойылады деген болжам жасалған болатын.

Бұл шешімді Қазақстанның мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин парламент палаталарының бірлескен қорытындыларын жасау кезінде айтқан.

Шенеуніктер астананың жаңа атауының нұсқаларын талқылады. Айта кету керек, Астананың атауы Жаңа жылға дейін өзгеруі мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстау облысында әкесі 7 жастағы туған баласын тұншықтырып өлтірді

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады (фото)

Елбасын күнге теңеп, оған қаланың атын бергісі келген кімдер? (фото)

Атақты голливуд актері: Азан әлемдегі ең әдемі дауыс

Алматыда полиция академиясының 18 жастағы курсанты жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327781-nazarbaev-astananynh-atauyn-ozgertug.html