RU

Топырақтың астында қалған ақтөбелік жігіт екі ай бойы ес-түзсіз жатқан

Ақтөбе қаласының тұрғыны Дәурен Димашев мейірімді жандардың көмегіне мұқтаж. Ол 14 жыл бұрын алған жарақатынан кейін мүгедек болып арбаға таңылған деп хабарлайды aktobenews.kz.

"2002 жылы 14 жасымда осындай жағдайға тап болдым. Ауылда екі бала болып суға түсуге барғанымда үстіме топырақ құлады. Төсімнен төмен қарай құлаған жар көміп тастады. Сол жерде қасымдағы екі бала қазып шығарып, үйдегілерді шақырып келген. Сол кезде 2 ай ауруханада ес жимай жатқанмын. Оянғанымда қасымда анам жылап отырды. Сол кезде дәрігерлер жұлыныма ота жасаймыз дегенде үйдегілер келіспей, мені Орынборға апарып қаратты. Ол жақтағылар белімнің дұрыс екенін айтты. Тек екі аяғымды баса алмаймын", — дейді Дәурен Димашев.

Бірақ емін жалғастыру үшін қаржы таба алмаған. Ақшасы жетпей Ақтөбеге қайтып келіп, жергілікті дәрігерлермен емін жалғастырады.

"Аяғыма пластикалық жасанды тобық жасату үшін екі айға желтоқсан айында Алматыға барасың деген. Енді ол ақпан айына қалып жатыр. Қазір дәрігерлер квота әзірлеп көмектесіп жатыр. Тек отбасыма көмек керек. Үйге әлі газ кіргізілген жоқ. 1 жасқа толған балам бар. Үйде әйелім де, анам да жұмыс жасамайды. Өзім арбада отырмырмын", — дейді ол.

Дәуренге Ақтөбеде екі рет ота жасалған. Ол қайырымды жандардың көмегіне мұқтаж.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты өз пікірін айтты (видео)

Сапарбаев қолынан смартфон тастамай, ұйықтап отыратын шенеуніктерді сілкіп алды

Танымал ақын Атамқұловпен бірге министрліктен жұмыс тапты

Қасиетті Қағбаны қорлаған үнділік мұсылмандардың қаһарына ұшырады

Ақтаулықтар 87 тәулік бойы өмірі үшін күрескен алты жастағы Викамен қоштасты (фото)

Әйгілі "МузАрт" тобының тарайтыны рас па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327942-topyraqtynh-astynda-qalghan-aqtobelik.html