RU

Гүлнәр Каримованың ұлы: Анам екеумізге қастандық жасалды

Бұрынғы Өзбекстан президентінің қызы Гүлнәр Каримованың ұлы кіші Ислам Каримов анасы екеуіне қастандық жасалағанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Анам екеумізді осыдан екі жыл бұрын уландырмақшы болды. Бұл құрамында ауыр металлдар бар қоспа. Менің ағзамнан металдың 6 түрі, ал анамнан одан да көп табылды", - деп әңгімеледі Каримовтің немересі BBC-дің өзбек қызметіне.

Айта кетейік, БАҚ-та Гүлнәр Каримованың уланып қаза болғаны жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда оның ұлы анасының өлімін жоққа шығарып, ақпараттың жалған екенін мәлімдеген.

Кіші Ислам Каримов өзінің Лондонда тұратынына қарамастан Өзбекстандағы анасымен үнемі байланыста екенін жеткізді.

"2014 жылдың ақпан айынан бастап менің анам әлі күнге дейін үйқамақта отыр", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Гүлнәр Каримова 2014 жылдан бері үйқамақта отыр. Оған сыртқы әлеммен араласып, әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты өз пікірін айтты (видео)

Сапарбаев қолынан смартфон тастамай, ұйықтап отыратын шенеуніктерді сілкіп алды

Танымал ақын Атамқұловпен бірге министрліктен жұмыс тапты

Қасиетті Қағбаны қорлаған үнділік мұсылмандардың қаһарына ұшырады

Ақтаулықтар 87 тәулік бойы өмірі үшін күрескен алты жастағы Викамен қоштасты (фото)

Әйгілі "МузАрт" тобының тарайтыны рас па?

Топырақтың астында қалған ақтөбелік жігіт екі ай бойы ес-түзсіз жатқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327963-gulnar-karimovanynh-uly-anam-ekeumizg.html