RU

Өскеменде трамвайға соғылған көліктің күл-талқаны шықты (видео)

Өскеменде бейсенбі күні таңертең автокөлік трамвайға соғылды, нәтижесінде көлік вагон мен бағананың арасына қысылып қалған деп жазады жергілікті YK-news.kz басылымына сілтеме жасап Sputniknews.kz.

Апатты куәгерлер бейнежазбаға түсірген. Олардың пайымдауынша, тайғақ жолдан автокөлік дөңгелегі тайып кеткен.

"Сағат 7:30 кезінде ММС (Металлургтер мәдениет сарайы) жақтан келе жатқан автокөлік ресльке шығып кетіп, айналып барып трамвайға соғылды. Нәтижесінде көлік қозғалып келе жатқан вагон мен бағананың арасында қалып қойды. Алғаш көрген сәтте ішіндегі адамдарға не болды екен деп ойладық. Құдай оңдап, көлікте жүргізуші ғана болған, ауыр жарақат алған жоқ, тек аяғын ауыртып алыпты. Оны бір жарым сағаттан кейін құтқарушылар шығарып алды. Шопырдың айтуынша, баласын балабақшаға апарып келе жатқан беті екен", - дейді куәгер.

Полицейлер жол апаты себептерін анықтады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты өз пікірін айтты (видео)

Сапарбаев қолынан смартфон тастамай, ұйықтап отыратын шенеуніктерді сілкіп алды

Танымал ақын Атамқұловпен бірге министрліктен жұмыс тапты

Қасиетті Қағбаны қорлаған үнділік мұсылмандардың қаһарына ұшырады

Ақтаулықтар 87 тәулік бойы өмірі үшін күрескен алты жастағы Викамен қоштасты (фото)

Әйгілі "МузАрт" тобының тарайтыны рас па?

Топырақтың астында қалған ақтөбелік жігіт екі ай бойы ес-түзсіз жатқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1327985-oskemende-tramvaygha-soghylghan-kolikt.html