RU

Атақты Неймар 2 жылға сотталуы мүмкін

Әлемдегі үздік ойыншылардың бірі, «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Неймар 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды 24.kz.

Себебі испаниялық прокурор оны қаржылық құйтырқылық жасады деп айыптаған. 24 жастағы сұрмергеннің басындағы дау 2013 жылы басталды.

Мәліметтерге қарағанда, үш жыл бұрын «Барселона» басшылары Неймарды Бразилиялық «Сантос» клубынан аларда келісімге аз қаржы көлемін көрсетіп, инвестициялық қорға берілуі тиіс 40 пайыз үлестің бір бөлігін жымқырып қалған.

Сондықтан прокурорлар бұл іске қатысы бар сол кездегі «Барселона» футбол клубының президенті Сандро Розельді де 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Осы іске қатысты басы дауға қалған Сандро Розель 2014 жылы қызметінен кеткен болатын. Прокурорлар клубтың өзіне 8,4 миллион еуро көлемінде айыппұл салған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты өз пікірін айтты (видео)

Сапарбаев қолынан смартфон тастамай, ұйықтап отыратын шенеуніктерді сілкіп алды

Танымал ақын Атамқұловпен бірге министрліктен жұмыс тапты

Қасиетті Қағбаны қорлаған үнділік мұсылмандардың қаһарына ұшырады

Ақтаулықтар 87 тәулік бойы өмірі үшін күрескен алты жастағы Викамен қоштасты (фото)

Әйгілі "МузАрт" тобының тарайтыны рас па?

Топырақтың астында қалған ақтөбелік жігіт екі ай бойы ес-түзсіз жатқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328094-ataqty-neymar-2-zhylgha-sottaluy-mumkin.html