RU

Дәрігерлер бір аптаның ішінде аяздан үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдарын кесіп тастаған

Елімізде бір аптаның ішінде үскірік аяздан үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдары кесілді. Тағы екі әйелге далада суық өтіп, көз жұмған. Бір Қарағанды қаласында соңғы екі аптаның ішінде аяқ-қолдары үсіп, дәрігердің көмегіне жүгінгендердің саны 30 адамға дейін жеткен деп хабарлайды 31 арна.

Құмарбай Болатов бір жылдың ішінде ауруханаға екінші мәрте түсіп отыр. Ақпан айында ғана аяғындағы саусақтарынан айырылған қарағандылықтың екінші аяғы да ампутацияға ұшыраған. Азамат сақылдаған аязда мүгедектікті рәсімдеймін деп қағазбастылықпен жүріп қалғанын айтады.

Қарағанды дәрігерлері қарашаның 18-інен бастап 22 адамның аяқ-қолы ампутацияланғанын айтады. Сөздерінше, «көбіне қатты тонып қалған тұрғындар қолдарын бірден ыстық суға салып жылытпақ болған», дейді. Ал емханаға тек екі-үш сағаттан кейін ғана жүгінген екен.

"Кеше Саран қаласының тұрғыны түсті. Жертөледегі құбыр жарылып, жұмыс істей берген азамат бірден үйіне барып ыстық суға отырыпты. Дәрігерлерді тек екі сағаттан кейін ғана шақыртқан. Бізге түскенде өте кеш болды", - дейді бірінші санатты дәрігер Видади Джамаледдинов.

Қарағанды облысында үсік шалғандардың ең үлкені 55 жаста болса, ең жасы небәрі 14-те екен. Ал Семей қаласында аяздан зардап шеккен тоғыз адам тіркелген. Олардың көбі автобус тосып, аялдамада тұрғандар.

Ал мамандар үскірік аяздан қорғанудың бірнеше жолын айтты. Мысалы:

1. Қалың ұлтарақ

2. Термосқа ыстық шай құйып алыңыз

3. Денені қыздыратын май

4. Мойынорамалмен бетіңізді орап, теріңізді қарайып кетуден қорғаңыз

Дәрігерлер үсіп қалғандардың ауруы асқынбай тұрған кезде медициналық көмекке жүгінген абзал дейді.

Тағы оқыңыздар:

Тұрғындар доллардан жаппай құтыла бастады

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Нағыз жігітте ғана болатын жеті қасиет

XX ғасырдың ең атақты үйлену тойлары 

Вице-министр: Ильиннің өз еркімен қызметінен кетуі – ер жігітке тән әрекет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328261-darigerler-bir-aptanynh-ishinde-ayazdan.html