RU

Ұлыбританияда миллионерлер саны күрт азайып кеткен

Ұлыбритания 15% миллионерінен айырылды деп хабарлайды Астана арнасы.

Bloomberg сарапшыларының пікірінше, британдықтардың басым бөлігі Еуроодақ құрамынан шығу туралы шешімді құптаған соң, фунт стерлингтің құны төмендеп, мұның соңы миллионерлер санының азаюына әкелген.

Өткен аптада Times басылымында "Ұлыбритания үкіметінің Еуроодақтан кету туралы жоспары жоқ" деген мағынада мақала жарияланды. Онда Brexit орын алу үшін қосымша 30 мың азаматтық қызметкерлерді тарту керектігі айтылады.

Сонымен қатар, мақалада британдықтардың арасында Еуроодақтан шығуға қатысты ортақ мәміленің жоқтығы атап көрсетілген.

Тағы оқыңыздар:

Тұрғындар доллардан жаппай құтыла бастады

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Нағыз жігітте ғана болатын жеті қасиет

XX ғасырдың ең атақты үйлену тойлары 

Вице-министр: Ильиннің өз еркімен қызметінен кетуі – ер жігітке тән әрекет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328326-ulybritaniyada-millionerler-sany-kur.html