RU

Ана атанған Аша Матайдың ұйқысы қанбай жүр

Танымал әнші Аша Матай ана атанған соң, ұйқысы қанбай жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.

"Сәлеметсiздер ме, құрметтi инстадостарым! Кеш жатып, ерте тұру...  Түнде балапанды емiзу үшiн бiрнеше рет ояну... Жалпы аз ұйықтасам да сергек жүрудi үйрендiм.

Бұл Алла тағаламыздың әр анаға баланы дүниеге әкелген сәтте беретiн күш-қуаттың арқасы деп ойлаймын. Өзіме қызық болып жүр бұл жағдай, себебі осы уақытқа дейін ұйқыны сүйетін жандардың бірі мен едім", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Ашаға түрлі кеңестер айта бастады. Ана болудың қиындығы әлі алда деген қолданушылардың бірі, екі жасқа дейін ананың түн ұйқысы төрт бөлінетінін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Тұрғындар доллардан жаппай құтыла бастады

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Нағыз жігітте ғана болатын жеті қасиет

XX ғасырдың ең атақты үйлену тойлары 

Вице-министр: Ильиннің өз еркімен қызметінен кетуі – ер жігітке тән әрекет

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328334-ana-atanghan-asha-mataydynh-uyqysy-qanba.html