RU

Назарбаев 2020-шы жылдан кейін билікте қала ма? (видео)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg телеарнасына берген сұқбатында жұмысына қатысты сын еститінін айтты. Сұқбаттың үзіндісі Ақорданың Facebook-тегі парақшасында пайда болды.

Президент журналистердің "2020 жылдан кейін билікте қаласыз ба" деген сұрақты қоя алмай жүргенін қалжыңдап айтып қалды.

"Сіздер маған сұрақты тіке қойыңыздар. 2020 жылдан кейін қаласың ба деп? Ал сіздер осылай жүрсіздер", - деп күліп жауап берген Елбасы журналистердің көңілін көтеріп тастады.

Президенттің айтуынша, мәселе қанша жұмыс жасағанда емес, оның нәтижелілігінде.

"Адам өмірі қаншалықты ұзақ болатынын болжап білу мүмкін емес шығар. Менің жұмыс істеп келе жатқаныма көп болды. Оны сіздер білесіздер. Осы үшін де сынның астында қаламын. Аз жұмыс істеу, көп жұмыс істеу дейміз. Бірақ, мәселе ол жұмыстың қаншалықты тиімді болғанында. Өзіңнің қызметіңмен халқыңа пайда әкелесің бе немесе әкелмейсің бе мәселе сонда", - дейді мемлекет басшысы.

"Сондықтан біздің заң мен Конституция жайлы айтсақ, олар менің өз кандидатурамды әрі қарай ұсынуға мүмкіндік береді. Бірақ 2020 жылы не болатынын айтпаймын. Себебі бұл көптеген факторға байланысты", - деп жауап берді президент.

Тағы да оқыңыздар:

Әйнектері шытынаған «Бәйтеректі» жөндеуге 400 миллион теңге бөлінбек

Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" алғаш рет жеңіске жетті (видео)

Сапарбаев қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеуніктің жазалануын талап етті

Дәрігерлер бір аптаның ішінде аяздан үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдарын кесіп тастаған

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328522-nazarbaev-2020-shy-zhyldan-keyin-bilikte-qa.html