RU

Астаналық азамат "президенттің құрметіне" дүкендерде жеңілдіктер ұйымдастыруды ұсынды

Астаналық Ақтілек Байбазаров Тұңғыш Президент күнінде жеңілдік ұйымдастырайық деген ұсыныс айтып отыр. Ол өзінің ұсынысын Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жас жігіттің айтуынша, көптеген дүкендер жаңа жыл, 8 наурыз, Хэллоуин тағы да басқа мерекелердің құрметіне жеңілдіктер жасайды. Алайда сондай жеңілдіктер президент мерекесінде жоқ. Сондықтан астаналық азамат кәсіпкерлерге олқылықтың орнын толтырып, Елбасының құрметіне жеңілдік жасауды ұсынды.

"Сүтке 10% немесе костюмге -20%. Техникалар сататын дүкенде Елбасының құрметіне 1 желтоқсан жеңілдік күні!", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Қазақстандықтың ойынша, президент аса құрметке лайық. Себебі ол мемлекеттің көркеюі мен нығаюы үшін көп еңбек сіңірген.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев 2020-шы жылдан кейін билікте қала ма? (видео)

Амангелді Айталы: Қуаныш Сұлтановты сыйлаймын да, аяймын да

Балғынбек Имашев Астанаға елбасының есімін беруге қарсы шықты

Жақыны қаза болса, бір саусағын кесіп тастайтын тайпа туралы не білеміз? (+18)

ШҚО-да Барақ батыр ауылында Обаманың суреті ілініп тұр (фото)

Алматы облысында баласы мен келіні мүгедек жанұя далада қаңғып қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328628-astanalyq-azmat-prezidenttinh-qurmet.html