RU

Сәкен Майғазиев суықта тоңып қалған жолаушыларды өз көлігімен тасып жүр

Танымал әнші Сәкен Майғазиев аялдамада тоңып қалған жұртты өз көлігімен тасып жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол музыкалық арналарға берген сұхбаттарының бірінде айтты.

"Сыртта аялдамада тұрған адамдарды аяп кетем. Кей кезде жолай соғып алып кетем. Кейбір адамдар түсінбей, таңырқап қалады. Таксилетіп жүр деп ойлап қалуы керек. Бірақ мен айтамын, ешнәрсеңіздің керегі жоқ, отырыңыз деп.

Біздің үйден Әл-Фараби даңғылына дейін ешқандай машина тоқтай қоймайды. Ал жолай болса, тіптен жақсы, қалаған жерлерінен түсіріп кетем. Өзіміз де аспаннан салбырап түскен жоқпыз. Туфлимен қысты өткізген күндеріміз де болды ғой, талай", - деді әнші.

Мұны естіген желі қолданушылары оның мейірімділіген тәнті болып, оған тек жақсылықтар тіледі.

Тағы да оқыңыздар:

Әйнектері шытынаған «Бәйтеректі» жөндеуге 400 миллион теңге бөлінбек

Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" алғаш рет жеңіске жетті (видео)

Сапарбаев қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеуніктің жазалануын талап етті

Дәрігерлер бір аптаның ішінде аяздан үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдарын кесіп тастаған

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328631-saken-mayghaziev-suyqta-tonhyp-qalghan-zh.html