RU

Ирандағы миллионерлердің балалары қалай көңіл көтереді?

Иранның астанасы Тегеранда миллионерлердің балалары қалай көңіл көтереді? Бұл сұраққа жауапты NUR.KZ порталы қалталылардың Instagram парақшасынан тапты.

Тегеранның бай балалары Instagram желісінде 114 000-нан астам жазылушы жинаған.

Бай қыздар хауызда шомылып, сарайға ұқсайтын жекежайларда көңіл көтереді, үстілеріне миллиондаған қаржы тұратын қымбат көйлектер киеді.

Елде діни ережелер қатаң бақыланатынына қарамастан, байдың балалары жартылай жалаңаш киіммен ішімдік ішуді әбестік көрмейді. Дегенмен, жұртшылық бұл фотоларда жастар ел ішінде емес, шетелде көңіл көтеріп жүр деген болжамдар жасауда.

Миллионерлердің балалары Ferrari, Lamborghini, Maserati, Porsche, Aston Martin секілді қымбат көліктерімен мақтанады. Олардың біразы кемінде £ 250 000 тұратынын айта кеткен жөн.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев 2020-шы жылдан кейін билікте қала ма? (видео)

Амангелді Айталы: Қуаныш Сұлтановты сыйлаймын да, аяймын да

Ұлыбританияда миллионерлер саны күрт азайып кеткен

Астаналық азамат "президенттің құрметіне" дүкендерде жеңілдіктер ұйымдастыруды ұсынды

"Астана" клубы биылғы маусымда 4 млн еуродан көп табыс тапқан

Британдық боксшы алғашқы жекпе-жегінде ауыр соққыны көтере алмай көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328892-irandaghy-millionerlerdinh-balalary-q.html