Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

RinGo тобының әншісі қыздармен кездесіп, ақылын айтты (фото)

Опубликовано:

Павлодарда дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей интернатының қыздарымен кездескен RinGo тобының әншісі Аян Бірбаев кез келген қиындық болса да, арманға тосқауыл қоймауға кеңес берді деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Білім беру мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Газизованың айтуынша, «25 игі іс-шара» бағдарламасы шеңберінде белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Бұған дейін Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, ақын Күләш Ахметова, Баянауыл өңірінен шыққан әнші, жерлесіміз Меруерт Түсіпбаева келіп кеткен болатын. Олардың барлығы оқушылармен кездесіп, ақыл-кеңес ұсынды.

Бұл жолы қонақ болған Аян Бірбаев дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейін «Алтын белгімен» бітіріп, Қазақстан-Британ техникалық университетінің грантына ие болса да үлкен сахнада өнер көрсетуді армандағаны жайлы айтты.

"Ол қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген", - дейді Роза Газизова.

Айта кетерлігі, Аян Бірбаев халықаралық «Новая волна» конкурсында RinGo тобының құрамымен «Көрермендер көзайымы» аталымына және А. Пугачеваның арнайы сыйлығына ие болған.

Тағы да оқыңыздар:

"Қазақстан аруы-2016" байқауына қатысатын арулар кімдер? (фото)

Әсет Исекешев: Астана Әбу-Дабиден асып кетті

Оралда өз құрбыларын зорлап келген мектеп оқушысы он жылға колонияға түсті

Каспийдегі әскерилердің өліміне кінәлі офицерлер сотталып кетті

Ұлттық құраманы 22 жыл басқарған Алексей Ни отставкаға кетті

Түймебаевтан сөз естіген шымкенттіктер қақаған аязда жаппай ағаш отырғызуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1329253-ringo-tobynynh-anshisi-pavlodarlyq-qyzdarm/

pixel