RU

Путин Ресейдің шекарасы жоқ екенін айтып мақтанды

Ресей президенті Владимир Путин 5 жастағы Тимофей Цой мен 9 жастағы Мирослав Аскиркоға географиядан шағын емтихан өткізді деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап NUR.KZ.

Путин, орыс географиялық қоғамының қамқоршылық кенесінің төрағасы ретінде ОГҚ сыйлығын табыстау үшін арнайы жиынға қатысты. Ұйымдастырушылар президентті географиялық білімімен талайды таң қалдырған Тимофей Цой және Мирослав Аскиркомен таныстырды.

Айта кетейік, балалар бірнеше байқауға қатысып жүлдемен оралған. Олар білмейтін бірде-бір елдің астанасы жоқ.

Ал мұның қаншалықты рас екенін Путиннің жеке өзі тексеріп көрмекші болды.

Ол Мирослав Аскиркодан "Ресейдің шекарасы қай жерде аяқталады" деп сұрайды. Балақай мүдірместен Ресейдің шекеарасы "Берингов бұғазымен аяқталады" деп жауап қайтара бергені сол еді, Путин баланы тоқтатып "Ресейдің шекарасы шексіз" деп қарсы жауап береді.

Алайда соңынан Ресей президенті мұның қалжың екенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік имамдар "қара жамылған" қыз-келіншектердің бетін бері қаратпақ

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

Өскеменде бір метрге жуық жауған қар тұрғындарды әбігерге салды (фото)

Алексей Ни: Қызметтен кеткенім кінәмді мойындағаным емес

Адамның алақаны неге терлейді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1329552-putin-reseydinh-shekarasy-zhoq-ekenin-ay.html