RU

Қазақ байлары шетелде жасырған виллаларын дереу заңдастыруға кірісті

Елімізде заңдастырылған дүние мүліктің құны 3 жарым триллион теңгеге жеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Шетелде байлығын жасырған қазақ олигархтарының қанша ақшасы елге қайтарылғанын айтқан Қаржы министрлігі, науқанның аяқталуына небары бір ай қалғанын ескерте кетті.

Осы санаулы күндерде қымбат үйлерді айтпағанда, шетел банктеріндегі жасырын ақша, жер телімдері, оффшорлық шоттар Қазақстанға аударылуы тиіс. Қазір заңсыз ақшасын мұхит асырып, мүлікті туыстарына жазғандар жанталасып жатыр екен.

Біразы Біріккен араб әмірліктері, Испания, Венгриядағы виллаларын заңдастырып үлгерген. Олардың аты-жөндері жасырын қалып, жауапқа тартылмайтынына мемлекет кепілдік беріп отыр.

Ал, дүние мүлкін жария етуден бас тартқандар жауапқа тартылып ірі айыппұл арқалайды. Дегенмен, бұдан ұрлаған ақшасын шетелге тығатын қаржы алаяқтары азаймайды дейді жауаптылар.

"Көлеңкеде жатқан капиталды қайтару үшін заңдастыру науқанын қанша жүргізсек те бұл 100 пайыз нәтиже бермейді. Өйткені, елдің ақшасын ұрлайтын қаржы алаяқтары қашан да табылады. Бұл үздіксіз жүретін процесс. Бірақ, ұрланған миллиардтарды барынша қайтаруға тырысамыз", - дейді Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік имамдар "қара жамылған" қыз-келіншектердің бетін бері қаратпақ

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

Өскеменде бір метрге жуық жауған қар тұрғындарды әбігерге салды (фото)

Алексей Ни: Қызметтен кеткенім кінәмді мойындағаным емес

Адамның алақаны неге терлейді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1329565-qazaq-baylary-shetelde-zhasyrghan-milli.html