RU

Астананың басты көшесінің атауы ақыры өзгеріп кетті

Астананың атауы сол күйінде қалғанымен, еліміздің бас даңғылы Орынбор -  Мәңгілік ел болып өзгеріп кетті деп хабарлайды КТК арнасы.

Үкімет, парламент пен министрліктер ғимараты орналасқан көшенің ескі тақтайшасы алынып, жаңасы ілініп жатыр.

Ал, қазақтың байырғы астанасы болған Орынбор атауы бұған дейін құр нөмірмен тұрған елеусіздеу «Е-10» көшесіне берілмек.

Жалпы Астана мәслихаты екі апта бұрын 15 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Жуық арада олардың да тақтайшалары жаппай ауыстырылады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік имамдар "қара жамылған" қыз-келіншектердің бетін бері қаратпақ

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

Өскеменде бір метрге жуық жауған қар тұрғындарды әбігерге салды (фото)

Алексей Ни: Қызметтен кеткенім кінәмді мойындағаным емес

Адамның алақаны неге терлейді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1329574-astananynh-basty-koshesininh-atauy-aqyr.html