RU

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фиделя Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы мемлекеттік кеңесінің және министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жеделхатта Қазақстан президенті Куба революциясы көшбасшысының дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Қазақстан халқы командантэ Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан достық пейілдегі Куба Республикасының халқына көңіл айтты.

Тағы оқыңыздар:

Атақты революционер Фидель Кастро қаза болды

Үш қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға таласады

Ақтөбелік отбасы жетім қызды қамқорлығына алып, оның аяғы ауыр екенін білгенде қуып жіберген

Қарағандыда жол талғамайтын көлік жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті (фото)

Алматыда жат діни ағым өкілдерінің жиналатын орындары аталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1329805-nazarbaev-qazaqstan-khalqynynh-atynan.html