RU

Ақтөбеде белгісіз біреу "Аллаһу Акбар" деп айқайлап, тұрғындардың зәресін алды (видео)

Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық әкімдік ғимараты алдында белгісіз біреу "Аллаһу Акбар" деп айқайлап, қолындағы таяғымен ғимарат алдындағы шамдарды сындырған деп хабарлайды 31 арна.

Әкімдік қызметкерлері мен тұрғындардың зәресін алған азаматтың бұл іске не үшін барғандығы әзірге белгісіз.

Бейнежазбада "Аллаху Акбар" деп айқайлап жүген ашулы азамат көшедегі адамдар мен көліктерге ұмтылып, одан қалды қолындағы таяғымен әкімшілік алдында тұрған шамдарды сындырып жүр. Бірақ видеодан қоғамдық тәртіпті бұзған адамды тоқтатуға әкімшілік қызметкерлері де, күзетшілері де шықпағанын аңғаруға болады.

Бұдан бұрын да елге экс-әкімі «Шалқарда бәрі чики-чики» деп танылған аудан жұрты жаңа әкім келгелі тұрғындар тарапынан осы іспетті көріністер жиілеп бара жатқанын айтады. Ал видео салынған әлеуметтік желідегі ақтөбеліктердің пікірлері халықты осындай күйге жеткізген биліктің өзі кінәлі дейді.

Ал Шалқар ауданының басшылығы бұл жағдай туралы білмейтін болып шықты. Ал әкімдік ғимараты алдының тас-талқанын шығарғанын көре тұра шықпаған қызметкерлер мен күзетшілер, есесіне келтірілген шығынды 80 мың теңге деп санап қойыпты.

Тағы оқыңыздар:

Атақты революционер Фидель Кастро қаза болды

Үш қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға таласады

Ақтөбелік отбасы жетім қызды қамқорлығына алып, оның аяғы ауыр екенін білгенде қуып жіберген

Қарағандыда жол талғамайтын көлік жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті (фото)

Алматыда жат діни ағым өкілдерінің жиналатын орындары аталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1329825-belgisiz-bireu-allahu-akbar-dep-ayqay.html