RU

Ұзынағаштағы үш ағайындының өліміне қатысты тағы бір дерек шықты

Ұзынағаштағы үш ағайындының өліміне қатысты істегі басты күдікті Сүлейменовтің әйелі де енді айыпталуы мүмкін хабарлайды 31 арна.

Қарасай ауданында өтіп жатқан сот процесінде прокурор осындай жайттың басын ашты.

Тексеру барысында істегі басты айыпталушы Сүлейменовтің үйінен ағайындыларды өлтірген мылтықтан басқа, тағы бір қарудың сақталғаны анықталған.

Прокурор үйде қарудың бар екенін біле тұра қылмыстың алдын алмаған оның әйелінің де оқиғаға қатысы бар деді.

Тіпті, жұбайын жұмыстан шығарып, қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрады. Ал жәбірленушілер сұраған 50 миллион теңге өтемақыны айыпталушы тарап төлей алмайтынын жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Атақты революционер Фидель Кастро қаза болды

Үш қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға таласады

Ақтөбелік отбасы жетім қызды қамқорлығына алып, оның аяғы ауыр екенін білгенде қуып жіберген

Қарағандыда жол талғамайтын көлік жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті (фото)

Алматыда жат діни ағым өкілдерінің жиналатын орындары аталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1329851-uzynaghashtaghy-ush-aghayyndynynh-olimine.html