RU

Алматы облысында боранды түні далада қонған алты жасар қыз аман қалды

Алматы облысының Жамбыл ауданында алты жасар Сәуле аяздан аман қалды. Ол бір түн бойы сықырлаған аяз кезінде далада қалған.

Бұл туралы Время басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

42 жастағы Венера Алымбекова қой бағатын. 21 қарашаға қараған түні "Асубай" шаруа қожалығының басшысы қойларын басқа қыстауға ауыстыруды жөн санайды.

Сол күні екі баласын ерткен қойшы Венера да басқа қыстауды бетке алады. Алайда, олар мінген көлік бұзылып, кейін ол екі баласымен үш шақырым жердегі қыстауға жаяу тартқан.

Олармен бірге 42 жастағы жұмысшы Мұқай Сүлейменов те қыстауды бетке алған. Бірақ аязды күні жаяу жүруден шаршаған Венера мен оның 3 жасар ұлы Әлішер және 6 жасар қызы Сәуле демалып алуды ұйғарады.

Өкінішке қарай, олар сол жерде қатты аяздан үсіп кетеді. Бораннан адасып кеткен Мұқай қыстауды келесі күні тапқан.

Ал екі балалы ананы іздеген шопандар оларды үсіп кеткен жерінен тапты. Өкініштісі, алты жасар Сәуледен басқаралары сол жерде жан тапсырған.

Бүгінде ауруханада жатқан қыз бала інісі мен анасының өлімі туралы әлі естіген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған полицей "Жыл адамы" атанды

Талантымен таң қалдырған жас ақын небары 13 жасында сүйіктісіне сырға салды

Саяси қуғын-сүргінді іске асырған НКВД жендеттерінің тізімі шықты

Қазақстандық боксшы жастар арасында әлем чемпионы атанды

Тәжікстан президенті тағы бір қызына биліктен жұмыс тауып берді

Ұзынағаштағы үш ағайындының өліміне қатысты тағы бір дерек шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330157-almaty-oblysynda-borandy-tuni-dalada.html