RU

Ниязымбетовтің салмағына ауысқан Жәнібек Әлімханұлы тағы да қарсылас шыдатпады

Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекелері өтуде. Бұл дода Рио Олимпиадасынан кейін құрамадағы жаңа чемпиондарды анықтап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл доданың басты қаһарманы деп Жәнібек Әлімханұлын айтуға болады. Жақында ғана кәсіби бокстағы жолын жеңіспен бастап, әуесқой бокста 81 келіге ауысқан Әлімханұлы жаңа салмақта да қарсылас шыдатқан жоқ.

Әлімханұлы финалда Нұрдәулет Жармановты жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Сонымен қатар,  Теміртас Жүсіпов (49 келі), Азамат Исақұлов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Әділет Құрметов (60 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.

Ал қазақтың салмағы саналатын 69 келіде қарағандылық Абылайхан Жүсіпов жеңімпаз атанды. Аса ауыр салмақта Павлодар облысының өкілі Олжас Боқаев алтын медальге иелік етті.

Тағы оқыңыздар:

Төлен Әбдік қазақ қоғамындағы жағымпаздық дерті туралы ашық айтты

Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған полицей "Жыл адамы" атанды

Алматы облысында боранды түні далада қонған алты жасар қыз аман қалды

Бүркіт пен Аиша Болат Назарбаевпен дастархандас болды (фото)

Саяси қуғын-сүргінді іске асырған НКВД жендеттерінің тізімі шықты

Талантымен таң қалдырған жас ақын небары 13 жасында сүйіктісіне сырға салды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330246-niyazymbetovtinh-salmaghyna-auysqan-zha.html