RU

Алматылық туристі Оңтүстік Кореяда бір апта бойы күштеп жертөледе ұстаған

Оңтүстік Кореяға саяхат жасаған Қазақстан тұрғынын әуежайда күштеп ұстаған. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Досбол Сауранбаевты өз базынасын жасырып қалған жоқ. Оңтүстік Корея өкілдері ештеңе түсіндірместен, екі күн бойы бір топ қазақстандықтарды ұстаған. Ал сыртқы істер министрлігі мұны қауіпсіздік шараларын күшейтумен байланыстырып отыр.

Жұбайы туған күніне Оңтүстік Корея еліне жолдама алып берген Досбол Сауранбаев, сол мемлекетке барғанына өкпелі. Себебі, жоспарлаған саяхаты Инчхон әуежайында аяқталған. Әуежай қызметкерлері мән-жайды түсіндірместен Досболды белгісіз бөлмеде күштеп ұстаған.

«Полиция ма, күзетшілері ме, әйтеуір қызметкерлері келіп алып кетті. Содан бізді бір комнатаға апарып, тағы да сұрады.  Сосын бізге аудармашы алып келді. Біз оған барлығын түсіндірдік, не үшін келгенімізді. Қанша ақшамыз бар екенін сұрады. Соның бәріне жауап бердік»,- деді Досбол Сауранбаев.

Бір апталық саяхат 2 күнге ғана созылған. 19-шы қарашада барған алматылық турист өзінен басқа тағы 8 қазақстандықтың «жертөледе» болғанын айтады. Осы уақыт аралығында Досбол жүгінген туристік агенттік онымен байланысты үзбеген екен.

«Біздің менеджеріміз Досболмен байланысып отырды. Корейдегі елшілікке де хабарласуға тырыстық. Тұтынушымызды әуежайда ұстау себебі, қонақүй әкімшілігі бронның болғанын растамаған. Ал бізбен хабарласқанда туристі күтіп отырғанын айтқан борлатын. Қазір бұл мәселені шештік. Ол қонақ үй төленген қаржының 50 пайызын, біз қалған бөлігін төлеуге келістік»,- деді «Kupitur» Туристік агенттігінің директоры, Мадина Құдайбергенқызы.

Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея елінде болу ережесін ведомствоның ресми сайтында көрсетілгенін айтады. Мұндай оқиға ол жақтағы қауіпсіздік шарасын күшейтумен байланысты.

Тағы оқыңыздар:

Төлен Әбдік қазақ қоғамындағы жағымпаздық дерті туралы ашық айтты

Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған полицей "Жыл адамы" атанды

Алматы облысында боранды түні далада қонған алты жасар қыз аман қалды

Бүркіт пен Аиша Болат Назарбаевпен дастархандас болды (фото)

Саяси қуғын-сүргінді іске асырған НКВД жендеттерінің тізімі шықты

Талантымен таң қалдырған жас ақын небары 13 жасында сүйіктісіне сырға салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330261-almatylyq-turisti-onhtustik-koreyada-b.html