RU

Отандық футболшы әлеуметтік желідегі жазбасы үшін клубтан қуылды

Қазақстандық Георгий Жуков әлеуметтік желідегі жазбасы үшін «Урал» футбол клубынан кетуі ықтимал деп жазады prosportkz.kz.

«Голландиядан бекер кеттім. Кінәлі тек менмін, мұны тек Құдай ғана түзете алады. Жарты жылда барлық ойынды негізгі құрамда өткізген едім, ал мұнда, Ебургте (Екатеринбург), пас бергенде аяғымды қатты көтеретінімді айтады. Балабақша», - деп жазған болатын Жуков.

«Уралдың» президенті Григорий Иванов осыдан кейін Жуковпен қоштасуға дайын екенін айтты.

«Маған бұл Жуковтың не керегі бар? Ол бір нәрсе деп жазған, ал мен сол туралы айтуым керек пе? Жуков мұнда бекер ауыстым деп ойлайды екен. Жарайды, онда өзіне басқа клуб іздесін. Оған қанша сома берсек, соншаға сатамыз», - деді Иванов.

Журналистің «Жуковпен қоштасасыздар ма?» деген сұрағаны нақты жауап берді: «Әрине, қоштасамыз».

Айта кетейік, Жуков осы маусымда Ресей Премьер-лигасында 128 минут қана ойнаған.

Тағы да оқыңыздар:

Төлен Әбдік қазақ қоғамындағы жағымпаздық дерті туралы ашық айтты

Бірнеше әкімді тығырыққа тіреген Жансейіт Түймебаев сенатордың ұлын сөккен жоқ

Британдық басылым Ломаченконың Головкинді басып озатынын жазды

Ниязымбетовтің салмағына ауысқан Жәнібек Әлімханұлы тағы да қарсылас шыдатпады

Ғалымдар: Аяз ата келеді деп балаларды алдауды доғару керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330318-otandyq-futbolshy-aleumettik-zhelideg.html