RU

Каспий теңізінде тікұшақ құлап, бес адам мерт болды

Жексенбі күні Каспий теңізінде, Иранның солтүстігіндегі Мазендеран провинциясы маңында тікұшақ құлап, бес адам мерт болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Иран ұлттық мұнай компаниясына (NIOC) тиесілі тікұшақ бортында бес адам болған. Тікұшақ жарақат алған қызметкерді мұнай платформасынан емханаға жеткізуі тиіс еді.

Қала губернаторы Бехшехр Халегх Саджадидің (Khalegh Sajjadi) айтуынша, борттағы барлық адам қаза болды. Үш адамның мәйіті табылған. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр.

Алдын ала болжамға сәйкес, оқыс жағдай техникалық ақаудың салдарынан болған.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ-та жүріп үшінші рет нәрестелі болған Гүлназ Әлімгерей туралы не білеміз?

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Төлен Әбдік қазақ қоғамындағы жағымпаздық дерті туралы ашық айтты

Бірнеше әкімді тығырыққа тіреген Жансейіт Түймебаев сенатордың ұлын сөккен жоқ

Британдық басылым Ломаченконың Головкинді басып озатынын жазды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330490-kaspiy-tenhizinde-tikushaq-qulap-bes-ad.html