RU

Әлемдегі ең әдемі мешіт қарапайымдылығымен көпшілікті тәнті етті (фото)

Әлемдегі ең әдемі мешітті білесіз бе? Оның әдемілігі қарапайымдылығында деп жазады muftyat.kz.

Қазір басылымдарда, сайттарда әлемдегі ең әдемі мешіттер деген рейтинг жүреді. Олар мешіттің әппақ мәрмәрдан қаланған қабырғаларын, қымбат люстраларын, зәулім мұраналары мен кең ауласына таңдай қағып жатады. Бірақ, олардың әдемілігі осы мешітке жетпейді.

Өйткені, бұл мешіт толықтай ағаштан тұрғызылған. Тіпті мұнарасының өзін тұрғызу үшін түбіне тас үйіп қойған. Мешіт үлкен аумақты алып жатқан жоқ. Оған түйелі жолаушы да, жолдан өтіп бара жатқан кісілер де оңай-ақ бұрылып кіреді.

Қарапайым болса да құлшылық мекенін Аллаға шын берілген мүміннің өз қолымен жасағаны барша әлем мұсылмандарын әсерлендіріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл мешіт Эфиопия елінде орналасқан.

Тағы да оқыңыздар:

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Төлен Әбдік қазақ қоғамындағы жағымпаздық дерті туралы ашық айтты

Бірнеше әкімді тығырыққа тіреген Жансейіт Түймебаев сенатордың ұлын сөккен жоқ

Британдық басылым Ломаченконың Головкинді басып озатынын жазды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330504-alemdegi-enh-ademi-meshit-qarapayymdyl.html