RU

Ақбота Керімбекова "рэкет" күйеуінен көрген қиындықтарын жасырмай айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова "рэкет" күйеуінен көрген қиындықтарымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

Әнші өзінің бұрын-соңды ешкімге айтпаған жан сырын ақтарды. Өмірде жолы болмай, екі рет тұрмыс құрған әнші бұл сәтсіздіктерді Алланың сынағына балайды. Екі баласының әкесі, бірінші күйеуімен ол оның өмір салтына байланысты ажырасқан екен.

"Ол рэкет болды. Әңгімесі сол болатын, ананы ұрып кеттім, мынаны бүйттім, сөйттім деп. Мен мұның барлығына төзе алмадым", - деді ол.

Оның рэкет күйеуі тіпті оған "көшеге шықсаңдар сендерді өлтіріп кетуі мүмкін" екенін де жасырмаған. Болашағын әншіліктен көретін Ақбота мұндай өмірден әбден жалыққан. Сөйтіп ол өзі барып, ажырасу туралы арыз берген.

Ол екінші күйеуімен де неліктен ажырасып кеткенін жасырмай айтты.

"Екінші күйеуімнің өз пікірі болмады. Ол өте жуас, ынжық болды. Анасының "ұлымды" дуалап тастадың" деген сөзіне шыны керек шыдамадым, кешіре алмадым. Былайынша айтқанда, маған ақшам үшін үйленген екен. Өмірде түк көрмеген адамдар байлыққа тап болғанда не істерін білмей қалады екен", - деді әнші.

Тағы да оқыңыздар:

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Төлен Әбдік қазақ қоғамындағы жағымпаздық дерті туралы ашық айтты

Бірнеше әкімді тығырыққа тіреген Жансейіт Түймебаев сенатордың ұлын сөккен жоқ

Британдық басылым Ломаченконың Головкинді басып озатынын жазды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330532-akbota-kerimbekova-reket-kuyeuinen-k.html