RU

Тарихта тұңғыш рет қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды (фото)

Польшаның Ворцлав қаласында өтіп жатқан джиу-джитсудан жарыс барысында қазақстандық Дархан Нортаев әлем чемпионы атанды деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".

Жартылай финалда колумбиялықпен белдескен Дархан Нортаев финалда отандасы Қуандық Қонысовпен кездесті. JJIF әлемдік аренасының тарихында алғаш рет екі қазақстандық финалға шығып, бір-бірімен белдесті. Қорытынды есепте Дархан Нортаев алтын алып, Қуандық Қонысов күміске ие болды.

Әлем чемпионатының екінші күнінде жеке және жалпы командалық есепте 46 елден 2000 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 1 күміс бар.

Алғашқы алтынды қоржынға 56 келі салмақ дәрежесінде файтинг-жүйеде Франция құрамасының спортшысымен айқасқан Елдос Қабденов салды.

Тағы да оқыңыздар:

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Төлен Әбдік қазақ қоғамындағы жағымпаздық дерті туралы ашық айтты

Бірнеше әкімді тығырыққа тіреген Жансейіт Түймебаев сенатордың ұлын сөккен жоқ

Британдық басылым Ломаченконың Головкинді басып озатынын жазды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330537-tarikhta-tunhghysh-ret-qazaqstandyq-spor.html