RU

Қазақстандықтар "қара жұмамен" қалай алданып жатыр? (фото)

Қазақстанға жаппай сатылым және қара жұма деген екі ұғымның келгеніне көп бола қойған жоқ. Керекті-керексізді сатып алуға асығатын қазақстандықтардың басым бөлігі сауда жасауға сәтті деп дәл осы күнді таңдайды. NUR.KZ порталы жеңілдікпен сатылатын тауарлардың нақты бағасын және бізді жаппай сатылымдарда қалай алдайтынын анықтап көрді.

«Қара жұма» деп аталатын жаппай сатылымдағы 90 % жеңілдік тұтынушылардың есін шығарады.

Тұтынушыны тауарды сатып алуға итермелейтін бірнеше жол бар.  Тауардың бастапқы бағасына тағы екі нөлді қосып, оған үлкен мөлшерде жеңілдік берілетінін жазып қояды. 73 990 теңге тұратын етікті қымбат десек, 36 995 теңгеге оны сатып алуға болады.

Бірақ бұл аяқ киім осынша теңгеге татымайды, қазақстандық ірі интернет-дүкенде оны жеңілдіксіз 30 980 теңгеге алуға болады.

Мына көк түсті қысқа қонышты етіктің жеңілдікпен көрсетілген бағасы – 23 995 теңге.

Ал басқа дүкенде оның бағасы жеңілдіксіз де одан арзан болып шықты. Мұнда оны жеңілдікпен  16 800 мың теңгеге сатып ала аласыз.

Мына жеңілдікпен сатылымда тұрған жейделер бұдан бұрын 2-3 мыңға арзан болған. Оған бағасы жазылған этикет қағазынан көріп куә бола аласыздар.

Тек киім-кешек емес, кеңсе, тұрмыстық техникалар сататын дүкендер де жаппай сатылым кезінде тауардың бағасын әдейі қымбаттатып жібереді екен.

Мысалы, мына ноутбук бір апта бұрын 69920 теңгеге сатылып келіп, акция кезінде күрт қымбаттаған.

Қақпанға түсіп қалмас үшін бағалар мен тауарларды сараптап қоя салған аз. Кассада да алданып қалуыңыз ғажап емес. Сол үшін саудада сақтық қажет.

Тағы да оқыңыздар:

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Қазақстанда жаңа NurPhone телефоны "пайда болды" (видео)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Шымкенттік шенділер көпқабатты үйдің тұрғындарын көмір жағуға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330625-qazaqstandyqtar-arzan-zhumamen-qalay.html