RU

Қайрат Нұртас концертіне билеттерді өзі сатуға кірісіп кетті

Танымал әнші Қайрат Нұртас 21-желтоқсанда болатын концертінің билеттерін өзі сатуға кірісіп кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында хабарлады.

"2-желтоқсан күні сіздерді 14:00-ден 17:00-ге дейін "Республика сарайы" кассасында күтемін. Өзім кассир боламын. 21-желтоқсан күні "Алматы Аренада" болатын əн кешіме билеттерді өз қолымнан сатып ала аласыздар", - деп жазған әнші көрермендерін селфимен және қолтаңбамен қызықтырып қойды.

Желі қолданушылары оның бұл ұсынысын жылы қабылдады. Олардың көбі сол күні "Республика сарайына" Қайратты бір көріп қалу үшін баратындарын айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Қазақстанда жаңа NurPhone телефоны "пайда болды" (видео)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Шымкенттік шенділер көпқабатты үйдің тұрғындарын көмір жағуға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330638-qayrat-nurtas-koncertine-biletterdi.html