RU

Намаз кезінде әзілдемек болғандар мұсылман қауымының ашуын келтірді

Намаз оқу кезінде әзілдемек болған қыздар мұсылман қауымның ашуын келтірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода бойжеткен күлкі үшін жайнамазға теріс қарап тұрып, намаз оқуға кіріседі. Мұны аңдамай қалған қасындағы әйел шошығаннан намазын жарты жолда тастап, қаша жөнелген. Ал бұл орынсыз әзілді түсіріп тұрған өзге бойжеткен әйелді шошытқанына күліп тұр.

"Намазды ойыншық қылдыңдар", "Ойыншыққа айналдырмаңдар", "Мұсылман қыз намазбен ойнайды ма?", - деп күйінді желі қолданушылары.

Бұл жайттың қашан және қайда болғаны белгісіз.

Тағы да оқыңыздар:

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Қазақстанда жаңа NurPhone телефоны "пайда болды" (видео)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Шымкенттік шенділер көпқабатты үйдің тұрғындарын көмір жағуға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330667-namazdy-oyynshyq-qylghandar-musylman-q.html