RU

Қарызы басынан асқан қарияға желі қолданушылары бір аптада $84 мың жинап берді (фото)

Өзінің марқұм әйелінің медициналық шоттарын төлеу үшін жол бойында ағаш сатқан қария желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. АҚШ-тың Миссисипи штатындағы 80 жастағы Кеннет Смиттің суреті желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Кеннет Смит қатерлі ісікпен ауырған әйелінен жақында ғана айырылып, басынан асатын қарызбен жалғыз өзі қалды. Джессика Питтман есімді Facebook қолданушысы қарызын жабу үшін ағаш сатып тұрған қартты суретке түсіріп алып, желіде жариялап жіберген.

"Сізге отын керек болса, өтініш оны мына жол бойында сатып тұрған 80 жастағы қариядан алыңызшы. Оның аты - Кеннет.  Carl Leggett және West Taylor Rd-тың қилысында күнде бірнеше сағат бойы тұрады. Одан отынның бір қабын 5 долларға сатып алуға болады", - деп жазды желі қолданушысы.

Джессиканың айтуынша, зейнеткер өткен жылы да әйелі қаза болмай тұрып, оның еміне кеткен шығындарды жабу үшін сол жерде отын сатқан екен.

Алайда қария әйелі қайтыс болса да, басынан асқан қарызын жабу үшін отын сатуын жалғастыра берген.

«Қарияны әр көрген сайын менің жүрегім қарс айырылады. Ол әр өткен көлікке қолын бұлғап отын алуын өтінеді", - деп қосты бойжеткен.

Желі қолданушысының жазбасынан кейін көптеген адамдар бұған бей-жай қарай алмай 6 күннің ішінде қарияға 3 мыңнан астам адам 84 мың доллар қаржы жинап берген.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да 70 жастағы қария өзінен отыз жас кіші орыс қызға үйленді (фото)

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Қостанайда өзіне жаңа көңілдес тапқан әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қазақстандықтар "қара жұмамен" қалай алданып жатыр? (фото)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Нағима Есқалиева жас кезінде бала туып алмағанына қатты өкініп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331143-80-degi-qariya-marqum-ayelininh-qaryzyn-zha.html