RU

НКВД жендеттерінің ұрпақтары Путинге жарыса хат жазып жатыр

1930 жылдардағы НКВД қызметкерлерінің ұрпақтары үкіметтен таяуда жарияланған Иосиф Сталиннің тұсындағы "Үлкен террор" - саяси қуғын-сүргінді іске асырған 40 мыңға тарта жендеттің аты-жөні мен олар туралы мәліметтерді жабуды сұрады деп хабарлайды Азаттық.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұрынғы НКВД агенттерінің бір топ ұрпақтары Ресей президенті Владимир Путинге хат жазып, одан өздерінің бабаларына қатысты мәліметтерді жапқызуды сұраған.

"Мемориал" халықаралық құқық қорғау қоғамы таяуда "Үлкен террор" заманындағы НКВД қызметкерлерінің тізімін жариялады. Тізімде СССР бойынша НКВД-ның жеке құрамында 1935-1941 жылдары жұмыс істеген 41 668 адамның аты-жөндері жарияланып, оның 39 950-і туралы қысқаша мағлұмат берілген. "Үлкен террор" кезіндегі НКВД қызметкерлері туралы мұндай мағлұмат бірінші рет жарияланып отыр.

НКВД жендеттерінің ұрпақтары хатта "қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарының агенттердің балалары, немерелері мен шөберелерінен бабалары үшін кек алуы мүмкін екеніне қауіптенетінін айтқан.

"Мемориал" ұйымы бұл мәліметтерді жинақтап, жариялаумен 15 жыл бойы айналысқан.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да 70 жастағы қария өзінен отыз жас кіші орыс қызға үйленді (фото)

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Қостанайда өзіне жаңа көңілдес тапқан әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қазақстандықтар "қара жұмамен" қалай алданып жатыр? (фото)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Нағима Есқалиева жас кезінде бала туып алмағанына қатты өкініп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331200-nkvd-zhendetterininh-urpaqtary-chekist.html