RU

Жер сатуға қарсы шыққан атыраулық белсенділер бес жылға сотталып кетті

Жер реформасына қарсы өткен Атыраудағы митингіге қатысқаннан кейін қылмыстық баптар бойынша айыпталған азаматтық белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянға үкім шықты деп хабарлайды Азаттық.

Белсенділердің әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

2016 жылы қарашаның 28-і күні Атырауда судья Гүлнәр Дәулешова азаматтық белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянға үкім шығарды.

Сот белсенділерді «араздық қоздырды», «жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу тәрбітін бұзды» деп танып, әрқайсысын бес жылға бас бостандықтарынан айырды.

Үкімде олардың үш жылға дейін қоғамдық жұмыспен айналысуына тыйым салынғаны да көрсетілген.

Үкімде Боқаев пен Аянға 250 айлық есептік көрсеткіш, яғни 530 мың теңге айыппұл салынатыны айтылған. Одан бөлек сот және сараптама шығыны ретінде үлестік тәртіппен белсенділерден 259 мың теңге қаражат өндірілетін болды.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да 70 жастағы қария өзінен отыз жас кіші орыс қызға үйленді (фото)

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Қостанайда өзіне жаңа көңілдес тапқан әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қазақстандықтар "қара жұмамен" қалай алданып жатыр? (фото)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Нағима Есқалиева жас кезінде бала туып алмағанына қатты өкініп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331210-zher-satugha-qarsy-shyqqan-atyraulyq-bel.html