RU

Қос аяғынан айырылған азаматты әйелі екі баласымен бір-ақ күнде тастап кетті (фото)

Көршілес қырғыз елінің Нарын облысындағы Ат-баши ауданында тұратын Рахатбек Үсенқожаевтың қайсарлығы кімді болсын қайран қалдырады. Осыдан алты жыл бұрын қайғылы оқиғаға тап болып, аяғынан айырылған азамат бүгінде жанұясын жалғыз өзі асырап келеді деп хабарлайды Muslim.kz.

1983-жылы осы аудандағы Большевик ауылында дүниеге келген ол жастайымен мал шаруашылығымен айналысып, бақташы болып қызмет атқарып келген. Алайда, алты жыл бұрын ақтүтек боранда қалып қойған Рахатбектің қос аяғы да істен шығып, І топтағы мүгедек болып қалған еді. «Жығылғанға жұдырық» демекші, жұбайының бұндай күйге түскенін көрген әйелі одан сырт айналып, тастап кеткен.

Аяғынан айырылып, жұбайы жалғыз қалдырып кетсе де ертеңгі күнге деген үмітін үзбеген Рахатбек көп ұзамай қолөнермен айналыса бастаған. Қазіргі уақытта өз ісінің шеберіне айналған Рахатбектің бұйымдары тәп-тәуір сұранысқа ие. Қамшы, сөмке, әмиян, қалта телефондарының қаптамалары, белдіктер мен ат әбзелдері секілді теріден жасалған бұйымдарын, әсіресе, Қытайдағы қырғыздар көптеп сатып алатын көрінеді. Өте мұқият тігілген сөмкелердің бағасы кейде 15 000 сомға дейін барып қалады дейді шебердің өзі.

«Мал жайып жүріп, боранға ұрындым. Ұзақ уақыт бойы далада қалып қойғандықтан, екі аяғымнан айырылдым. Бәрінен бұрын анама ауыр тиді. Әйелім болса, бірден кетіп қалды. Екі қызым мен ұлымды өзіме алып қалдым. Анамның жасын тоқтатып, балаларымды асырау үшін барлығына дайын едім. Қолөнермен айналысып, нәпақамды табуға тырыстым. Қазіргі кезде, Аллаға шүкір, жаңа кәсібімнің жемісін көріп келемін», – дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да 70 жастағы қария өзінен отыз жас кіші орыс қызға үйленді (фото)

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Қостанайда өзіне жаңа көңілдес тапқан әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қазақстандықтар "қара жұмамен" қалай алданып жатыр? (фото)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Нағима Есқалиева жас кезінде бала туып алмағанына қатты өкініп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331256-qos-ayaghynan-ayyrylghan-azamatty-ayeli.html