RU

Атыраулық азамат әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін пышақтап тастады

Атыраулық азамат әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады деп хабарлайды Ақжайық.

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек Қанатбековтың айтуынша, осы жылдың мамыр айында Атырау қаласының азаматы әйелінің В контакте әлеуметтік желісіндегі парақшасынан бейтаныс ер адамның жанында тұрған суретін көріп қалады.

Мәселенің байыбына бармастан, қызғанышпен әйелін соққыға жығып, асхана пышағымен ауыр дәрежеде дене жарақатын салады.

Азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-тармағы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қылмыстық іс қозғалды. Ол өз кінәсін мойындады.

Сот үкімімен оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да 70 жастағы қария өзінен отыз жас кіші орыс қызға үйленді (фото)

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Қостанайда өзіне жаңа көңілдес тапқан әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қазақстандықтар "қара жұмамен" қалай алданып жатыр? (фото)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Нағима Есқалиева жас кезінде бала туып алмағанына қатты өкініп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331281-atyraulyq-azamat-aleumettik-zhelideg.html