RU

Байбек Алматыны қардан тазарта алмаған басшыны жұмысынан шығарып жіберді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалың жауған қардың салдарын жою кезіндегі коммуналдық қызметтерінің жұмысын қанағаттандыралық үйлестірмегені үшін табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаевны қызметінен босатты.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Дүйсенбіде таратылған баспасөз баянда дүйсенбі күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қар тазалау жұмыстары мәселесіне қатысты жиын өткізгені хабарланды. Оған аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық коммуналдық қызметтегілер қатысқан.

"17-27 қараша аралығында қала аймағынан 260 мың текше метр қар шығарылды. Бұл ретте Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жұмысы нашар деп бағаланды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша Алматы әкімі аудан әкімдіктегілеріне, сондай-ақ, қаладағы барлық қызмет өкілдеріне қар жауған кезде осындай жағдай қайталанбас үшін қажетті шараларды ойластырып қоюын тапсырды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде ойран салған лаңкестер өмір бойына бас бостандығынан айырылды (фото)

Көрермендердің көзінше 5 метр биктіктен құлаған әртіс ажалдан аман қалды

Жаңа Зеландияда оқушылар биік аттракционға ілініп қалды

Жігітке кері әсер беретін 5 нәрсе

Вице-министрдің баяндамасы Владимир Божконың күлкісін келтірді

Байбек Алматыны дұрыстап қардан тазарта алмаған басшыны жұмысынан шығарып жіберді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331550-baybek-almatyny-durystap-qardan-taza.html