RU

Үш жасар қызын аяусыз ұрған әйел соттан тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Павлодарда 3 жастағы қызын аяусыз ұрып, оны видеоға түсірген Нұргүл Докуоваға қатысты сот ісі жалғасып жатыр деп хабарлайды BNews.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Сот ісі ашық режимде өтіп жатыр. Бүгін судья әйелдің қызын сабап, өзі түсірген бейнежазбаны қайта қарап шықты.

Нұргүл Докуова экранға қарамауға тырысты. Содан кейін жанжал шығарып, қатты айқайлап тіпті, соттың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұрады.

Әйелдің айтуынша, ол балаларына тек бір рет ғана қол көтерген.

"Мен - жақсы анамын, сеніңіз. Мен өз балаларыма ешқашан қол көтермеймін. Енді ешқашан олай жасамаймын. Өтінем, мені кешіріңіз. Құдай үшін! Мен кінәлі екенімді білем. Бір рет қана қол жұмсап едім. Өтінем менен балаларымды тартып алмаңыз", - деп айқайлады әйел.

Сонымен қатар Нұргүл Докуова балаларынсыз өмір сүре алмайтынын да айтты.

Еске сала кетсек, үш жасар қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті қоғамда шу шығарған. Оқиғадан соң, қалалық білім бөлімі Докуованы аналық құқынан айыру туралы арыз түсірген болатын. Кішкентай қызын аяусыз соққыға жыққан павлодарлық әйел халықтан кешірім де сұраған еді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде ойран салған лаңкестер өмір бойына бас бостандығынан айырылды (фото)

Көрермендердің көзінше 5 метр биктіктен құлаған әртіс ажалдан аман қалды

Жаңа Зеландияда оқушылар биік аттракционға ілініп қалды

Жігітке кері әсер беретін 5 нәрсе

Вице-министрдің баяндамасы Владимир Божконың күлкісін келтірді

Байбек Алматыны дұрыстап қардан тазарта алмаған басшыны жұмысынан шығарып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331598-ush-zhasar-qyzyn-ayausyz-urghan-ayel-sotta.html