RU

Арыстанбек Мұхамедиұлының Фейсбуктегі парақшасы екі күн болмай жабылып қалды

Арыстанбек Мұхамедиұлының Фейсбуктегі парақшасы екі күн болмай жатып жабылып қалды. Министрдің аккаунты не үшін жойылғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz.

26 қарашада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашқан болатын.

«Қадірлі достар! Мен мәдениет пен спортқа қатысты нақты ақпараттарды бөлісуге, сондай-ақ, осы саладағы барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуды жөн көрдім. Сонымен қатар, осы парақша арқылы жас режиссерлермен, суретшілермен, әртістермен, әншілермен және де көптеген дарынды тұлғалармен тілдесуге әрі байланыс орнатуға дайынмын. Себебі біздің қасиетті жеріміз талантты жандарға кенде емес. Өзімнің достарыма сапалы «кері байланыс» пен қолдау білдіргендері үшін зор алғысымды білдіремін. Барлық ой-пікірлерді жеке өзім оқуға және мүмкіндігінше жауап беруге тырысамын», -деп жазған болатын министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы сондай-ақ Фейсбуктегі парақшасын жеке өзі жүргізіп отырғанын айтып, пікір білдірушілерді жөн-жосықсыз сөздерді жазбауға шақырған еді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде ойран салған лаңкестер өмір бойына бас бостандығынан айырылды (фото)

Көрермендердің көзінше 5 метр биктіктен құлаған әртіс ажалдан аман қалды

Жаңа Зеландияда оқушылар биік аттракционға ілініп қалды

Жігітке кері әсер беретін 5 нәрсе

Вице-министрдің баяндамасы Владимир Божконың күлкісін келтірді

Байбек Алматыны дұрыстап қардан тазарта алмаған басшыны жұмысынан шығарып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331626-arystanbek-mukhamediulynynh-feysbukte.html